Маңғыстау облысы Полиция департаменті отбасылық институтын, өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде және қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау аясында «Халықаралық отбасы күні» мерекесін атап өтті. Атаулы мерекеге орай полиция қызметкерлерінің отбасылары арасында түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. 
Атап айтқанда, «Көңілді старттар» жарысы 3 этаптан тұрды: аналар арасында қол күресі, әкелер арасында гір тасын көтеру, отбасылық арқан тарту. 
Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте 1 орын — Джамаловтар отбасы, 2 орын — Амирбековтер отбасы, 3 орын — Исмайловтар отбасы ие болды. 
Аналар арасында қолкүрес жарысынан 1 орынға ие болған Оразбаева Мақпал, Мұнайлы ауданы Полиция бөлімі, 2-орынды Амангельдиева Гүлбану, 3-орынды Дегениязова Шолпан алды. 
Отбасылық командалар арасында өткен «Көңілді старттар» эстафеталық жарысында 1-орынды Дегениязовтар, 2-орынды Амирбековтер, 3-орынды Еділовтер отбасы жеңіп алды. 
Әкелер арасында гір тасын көтеру жарысында 1-орында Амирбеков Руслан, 2-орында Джамалов Кемал, 3-орында Дегениязов Нұркен. 
Барлық жеңімпаздары Департамент бастығы Таймерденов Қанат Даниярұлы құттықтап, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапаттады. Марапаттау рәсімінен кейін барлық шара қатысушылары дастарқан басына жайғасты.
Шара жоғары деңгейде өтті.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?