Жатырдың оң жақ аналық безінде пайда болған ісіктен ауыр халге түскен екі жасар қызға дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап аман алып қалды. Бүлдіршіннің аналық безінде пайда болған ісікті алып тастау үшін хирургтар лапароскопиялық жолмен күрделі операция жасаған. 2 жасар қыз баласы ауыр халде жедел жәрдем қызметімен Шымкент қаласындағы №1 клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген. Бүлдіршінді тексеріп шыққан дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Опеарция кезінде тәжірбиелі хирургтар -лапароскопиялық жолмен 2 жасар қыз баласының оң жақ аналық жұмыртқасының қатерсіз ісігін алып тастап, қауіпті алдын алды. Мамандардың сөзінше, қыз балаларда мұндай жағдай сирек кездеседі.Шымкенттік дәрігерлер 20 жылдық тәжірбиемізде бұл екінші жағдай дейді. Әрі кішкентай қыз балалардың жыныс мүшесі нәзік келгендіктен, аналық безде пайда болған ісік дер кезінде алынбаған жағдайда қыз баланың жатырына қауіп төндіруі мүмкін дейді екі жасар қызға операция жасаған білікті хирург Қалдыбай Таджибаев. Сәтті жасалған отаның арқасында балақайдың қазіргі жағдайы жақсы. Операциядан кейін ауруханада бес-алты күн ем алып, анасымен бірге үйіне шығарылды.
Екі жасар қызға операция жасаған хируруг -Қалдыбай Тәжібаев 19 жылдан бері медицина саласында жұмыс істеп келеді. Бүгінгі күнге дейін алтын қолды хирург денсаулығында ахауы бар 10 мыңға жуық балаға ота жасаған.
Қалдыбай Тәджібаев 2000 жылдан бастап 2013 жылға дейін облыстық балалар ауруханасында балалар хирургы болып жұмыс істеген. Кейін 2013 жылдан бастап Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында жұмыс істеуде.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?