Азаматтарға жақын болу, мәселелерді жедел және сапалы шешу — бұл жамбылдық полиция қызметкерлерінің алға қойған басты қағидаттарының бірі. Жамбылдық полицейлермен өткізілген «Жолда қабылдау» акциясы дәл осындай мақсаттарды көздейді, азаматтарға туындаған мәселелерді тездетіп, барынша жылдам және кедергісіз шешуге көмектеседі.

Бұған бүгін Тараз қаласының тұрғыны – 73 жастағы зейнеткер көз жеткізді. Ол алты жыл бұрын автокөлігін сенімхат бойынша сатқан, алайда, жол қозғалысы ережелерін бұзғанына қатысты көліктің салықтары мен айыппұлдары әлі күнге дейін қарияның атына келетіні белгілі болды. Өйткені көлік құралының жаңа иесі әлі күнге дейін оны қайта ресімдемеген. Қария автокөлікті сатып алушыны бірнеше мәрте өз бетінше табуға тырысқанымен, сәтсіз аяқталыпты.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері акция өткізіліп жатқан орында база арқылы автокөліктің тиесілілігін, ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоғын тексеріп, көлік құралының жаңа иесі – облыс орталығының 29 жасар тұрғынын анықтады.

Аталған азаматты шұғыл түрде тапқан полицейлер онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ол өзінің барлық айыппұлдарын, алты жыл ішінде төлемеген салықтарын төлеп, автокөлікті өз атына қайта ресімдеді. Қарыздың ауыртпалығынан құтылған зейнеткер Жамбыл облысында енді ай сайын өткізілетін осындай акциялардың қажеттілігі мен маңыздылығын айтып, дән ризашылығын білдірді.

Алдыңғы акция сәуір айының ортасында өткен болатын, ағымдағы акция 18 мамырға дейін жалғасады. Өңір бойынша 22 жерде өткізілген шараға қандай да бір себептермен келе алмаған жамбылдықтар әлеуметтік желілер арқылы қажетті ақпаратты ала алады.

«Жолда қабылдау» акциясы жұмысының бірінші күні Тараз қаласының тұрғындарынан 200-ден астам өтініш келіп түсті. Халықты көбінде әкімшілік айыппұлдарды төлеу, жол белгілерін жаңарту, қосымша белгілерді орнату, көлікті тіркеу, кәмелетке толмағандармен жұмыс және ҚР азаматтығын алу, сондай-ақ кәмелетке толмаған азаматтардың құжат алу мәселелері толғандыратыны белгілі болды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?