Журналистикалық зерттеу жұмысын жүргізіп шықтым. Нәтижесі көңілге күдік ұялататын дәрежеде.
Мектеп оқушылары арасында қаруға құмарлық неге көп екені белгісіз. Бір пендені кінәлі етудің өзі қиын.Алайда, осы қару алып суретке түскен оқушылардың арасында, әлімжеттік пен, ақша бопсалау орын алып жатқаны белгілі. Қару мен түскен суреттер, кейбір мектептерде жүрген атамандарға, «СМОТРЯЩИЙ» секілді абырой алып берсе керек.
Зерттеу жұмысым барысында 20 күн, ВК әлеуметтік желісіне үңілдім. Тек мектеп оқушыларының парақшаларына ерінбей назар салдым. Мектеп ішінде партаның арасында телефон ойнап, бірін- бірі суретке түсіріп, не бір ұят сөздерді айтатын оқушылар аз емес екеніне көз жеткіздім. Тіпті ерсі қылық көрсеткен балалар ғана емес, арасында қыздар да жетерлік. Бейне жазбаларын көріп, темекі тартқан қыз оқушылар мен, бірін-бірі төбелесіп ұрып жатқан ербалдарымыз да аз емес сияқты. Ал біреулерінің парақшаларында өзінің жалғыз сезінетін оқушылар секілді, аватарына қойылған суреттерде, жалғыз қараңғыда тұрған бала, биіктіктен секіріп жатқан, немесе қолын кесіп жатқан, өзін өлтіріп, асылып жатқан суреттерді де көп кездестірдім. Ал басқа оқушыларда тек қару, кастет, дубинкалар мен суретке түскен немесе сол сынды картинкалар қойғаны бекер емес екенін, психологтың көмегінсіз- ақ түсініп отырмын. Мектеп басшылары мен білім басқарма басшылары осы жағдайды түсінсе, үңілсе, назар аударса деймін! Мектеп пен мектептерге басшылық ететін білім басқармаларының жұмысы,тек комиссия күтіп, шығарып салып, кадр таңдаудан ғана тұрмайды!Менің білуімше, адам, яғни оқушы мінезі жалпылама алғанда екі түрлі болады. Бір оқушы тұйық- көп сөйлемейтін, айтуға ұялатын, намыстанатын немесе ішінде сыр сақтағанды ұнататын болады! Ал, екінші оқушы, бұзық- сөз алмайтын, аузында сөз тұрмайтын, біреуге ақысын жегізбейтін, керісінше өзгенің ақысын алып беріп жүретін, сөз көтере алмайтын, тіпті өз ата- анасына құлақ салмайтын оқушы болады!
Көп балалар, отбасында болған жағдайлардан қысылып, мектепте ұялшақ, ішінде сырсақтайтыны аз емес әрине.Сол сақталған сырларды өзі мен жастай о дүниеге алып кетіп жатқан оқушлар көбейіп келеді!
Сырларын сыр сақтаған оқушылардың біразы суицидке барып жатыр! АЛ, ПСИХОЛОГТАР НЕ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР?
Ендеше, қолдарына қару алып, мектепте атаман болғысы келіп жүрген, кастет пен дубинка, қару алып суретке түскен оқушылар жоқ емес, бар! Мектеп ішінде әр мектепке бекітілген полиция қызметкері да бар! АЛ ОҚУШЫЛАРДЫ БАҚЫЛАП ЖАТҚАН КІМ БАР?
Мектептерде ақша жиналу тек оқушылардың арасында ғана емес, керек десеңіз, мектеп оқушыларынан мектеп басшылығы, мұғалімдер мен, басшылық тарапынан да жиналатынын естіп, біліп те жүрміз! АЛ СОЛ ЖИНАЛЫП ЖАТҚАН АҚШАЛАРҒА ТЫЙЫМ САЛА АЛМАСАҚ,, ОНДА БІЗ КІМБІЗ?
Кейбір мектептерде атестаттар сатылып жатқан көрінеді, себебі, баға қойылмаған, баға қорытпаған оқушыларға аттестат беріліп те жатыр! БІЛІМ БӨЛІМДЕРІ МЕН, БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ НЕ ЖҰМЫС ЖАСАП ЖАТЫР?
Зорлық- зомбылық мектептерде көп кездеседі десем қате болмас. Зорлау, жүкті болу тіпті жаға ұстатын емес, үйреншікті жағдайға айналып келе жатқан секілді. Көп естиміз. Мектепте оқып жүріп жүкті болды деген сөздер жаңалық, сенсация емес сияқты. Себебі ол ақиқат!КЕЙБІР БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ МЕН БӨЛІМДЕРІ, СЫН КӨТЕРУДІ ЖӘНЕ СЫННАН НӘТИЖЕ ШЫҒАРУДЫ ҚАШАН ҮЙРЕНЕДІ?
Мектептерде өткізілмейді емес, небір іс-шаралар мен жиналыстар өткізіледі. Бірақ кім үшін, қалай, қай кезде, қай деңгейде деген сұрақ көп менде! ОЛ ЖИЫНДАР ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ ЖҮКТЕП, БАСШЫЛЫҚТАН ҚҰТЫЛУ, РЕЙТИНГ КӨТЕРУ ҮШІН ҒАНА МА?НӘТИЖЕ ҚАЙДА?
Мектептегі пән мұғалімдер «тәмам» болатын болды ғой екі ортада. Ата аналар қашан баласына бақылау жасап, қашан қадағалауға алмаса, қазіргі заманның балаларынан айла аспайтын кез келген десем жарасатын секілді. МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ, МЕКТЕПТІҢ ПСИХОЛОГЫ, МЕКТЕПТІҢ ПОЛИЦИЯСЫ, БІЛІМ БАСҚАРМАЛАРЫ осы жағдайды қолға ала алмаса, НЕГЕ ҚАЖЕТ?МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРАЖАТЫН НӘТИЖЕ БЕРМЕСЕ НЕГЕ АЛАДЫ?ЕҢБЕКАҚАНЫ, ЕҢБЕК ЕТКЕН АЛУ КЕРЕК!

Сардар Әбдіжақия, Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?