Аналардың сөзін сөйлеймін деп, басына осындай күн туды ма? Ұят емес па, әлде жалдамалы адамдар, ананың ролін ойнап ұйымдастырып отыр ма?Сәуле ханым артық кетіп, заңсыздыққа барған болса, заң алдында өзі жауап береді, ал аналардың сөзін сөйлеп, қолдау көрсеткен болса, балағаттап жазып, оған қарай қол көтерудің өзі жеркенішті. Сәуле Әбілдаханқызы, журналистикаға кеше келген «келіншек» емес. Кеше ғана блог ашып, фейсбукта танымал болып жүрген «бәлоугер»лер де жүр емес пе, екі әріптің басын құрастыра алмайтындар.
Танымал журналис Сәуле Әбілдаханқызы қазір қаладағы № 7 ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның миы шайқалғанын айтқан, деп жазды KYN.KZ.
Журналист түскі уақытта Наурызбай ауданындағы Ішкі істер департаментіне шақырылған. Сол кеңседен шыққан есікте оны бір топ келіншек күтіп алған. Алғашында оған қолдау көрсетеміз дегендер жақындап келіп журналисті сабай жөнелген.
«Қазір ғана Сәулемен хабарластым, телефоны жоқ, сіңлісінің нөмерінен соқты, ІІД-і деп, орта жолдан Наурызбай ІІБ-не алып кеткен.
2 сағаттай ұстап, басқа есіктен шығарған, ол жерде алдын-ала дайындалып тұрған оншақты әйел Сәулені балағаттап, тиісіп, соққыға жыққан, атап айтқанда ішінен ұрып, шашынан сүйреген, бірақ бетінен ұрмаған! Ең сорақысы, осының бәрін Наурызбай ІІБ-нан шыққан екі жігіт және Сәулені үйінен алып шыққанда бетіне маска киіп тұрған жас жігіт ұялы телефондарына түсіріп тұрған.
Қазір Сәуле үйінде, телефоны жоқ, сағат 18.00 Түрксіб аудандық ІІБ-не шақыртып жатыр, дереу үйіне барғандарың, ІІБ-не жалғыз жібермегендерің жөн!»,-деп жазды заңгер Абзал Құспан.
Журналис үйіне жеткенде өзін нашар сезінсе керек жедел жәрдем шақырған. Дереу ауруханаға жеткізіліп қазір ем қабылдауды бастап кетті- деп, kyn.kz сайты мәлімдейді.
Сәуле Әбілдаханқызының бір емес, бір қаншама полиция бөлімдері үйіне шақырту жолдаған екен. Алаяқтықта кінәлап жатқандары да бар көрінеді. Ал бір баласынан айырылып қалған ана, танымал тілші, алаяқтыққа барды дегеніне халық сенбесе керек, сенетіндер де табылып жатқаны ақиқат! Түсініксіз болып жатқан жәйт. Қазақстанда бір қаншама аналар, Сәуле Әбілдаханқызын іздеп, рахметін айтып, журналистке 700 ден астам арыздар жолдап жатқаны айтылған болатын. Ал енді келіп аяқ астынан 10 шақты ана соққыға жыққаны жаға ұстатты.

Сардар Әбдіжақия фейсбук парақшасынан алынды

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?