Ағымдағы жылдың 15 ақпанына қараған түні Тараз қаласының орталығында орналасқан «ТаразПетролСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесіне шабуыл жасалған болатын. Шабуыл жасағандар күзетшіні ұрып-соғып, байлап, ақша іздеуге кіріскен, алайда сейфтерде ақша болмаған соң қызметкерлердің жеке заттарын ұрлап кеткен.

Қылмысты ашу барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Тараз қаласының Полиция басқармасы1-полиция бөлімінің жедел уәкілдері мен тергеушілері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, кәсіби дәрежеде атқарылған жұмыстар өз нәтижесін берді. Тынымсыз жұмыс жасаған жедел топтар күдіктілерді анықтап, іздеріне түседі. Олардың тұрғылықты жерін тауып, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан 1981 және 1989 ж.т. Алматы облысының екі тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта күдіктілер тергеу изоляторына қамаққа алынып, ұрланған заттар заңды иелеріне қайтарылды. Олар Қылмыстық кодекстің 192-бабының 2-бөлімі бойынша (қарақшылық) қылмыстық жауапқа тартылатын болады.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?