Түркістан облысы полиция департаменті хабарлағаны бойынша,Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғынның ауласынан есірткі тектес өсімдікті тапты

Ағымдағы жылдың маусым айының басында Сарыағаш АПБ-нің кезекшілік 102 нөміріне шұғыл хабарлама келіп түседі. Онда ауыл тұрғынының бірі өз ауласында есірткі тектес затты өсіру арқылы заңсыз іс әрекетке барып жатқандығы туралы айтады.

Аудандық полиция бөлімі Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел тергеп-тексеру тобы құрылып, аталған жергілікті тұрғынның үйі мен ауласын тыңғылықты тінтіп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, Сарыағаш АПБ-нің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары аталмыш үйдің ауласынан есірткі тектес «Сора» өсімдігі өсіріліп жатқандығын анықтады.

Полицейлердің айтуына қарағанда: ер азамат есірткіні ерте көктемде еге бастаған. Арнайы бақшасына дақылдармен бірге жасырын түрде қатарластырып өсіріп, күнделікті түбін босатып, суғарып, баптау жұмыстарын жүргізіп отырған. Сонымен бірге өз еркімен есірткі пайдаланатындығын ашық түрде мойындаған.

Қазіргі таңда полицейлер ауладан табылған 5 түп есірткі тектес «Сораны» айғақ ретінде тауып, тәркіледі. Сонымен қатар, бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» бойынша Сарыағаш АПБ-нің СДТБТ-не тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?