Еліміздің тұңғыш Президентінің бастамаларын сабақтастырған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Президенттік сапарын Түркістан облысынан бастап, облыстың басым бағыттарын көрсетіп берген еді. Ол басым бағыттар: туризм, агросала және өнеркәсіп екенін атап өтті. Алыс-жақын шетелдерден өткен, 2018 жылы 1 миллион турист қабылдаған Түркістан қаласы мен облысының әлеуеті бұдан да жоғары, мүмкіндігі мол. Ол үшін тек туризм ғана емес, қаланы дамытуға үлес қосатын шетелдік инвесторларды тарту да маңызды. Осындай шаралардың бірі «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі. Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезінде бекітілген «Е-қонақ үй» электронды базасын құру жөніндегі ұсыныс Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев тарапынан қолдау тауып, әрі қарай жетілдіріліп, өз жалғасын табуда. Бүгінде 117 елдің азаматтары үшін электронды түрде рәсімдеу іске асты, олар Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен бойда «Е-виза», «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі бойынша автоматты түрде тіркеледі. Осындай игі шараның бірі ҚР Премер-Министрі Асқар Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасына орай ашылған туристік полиция бөлімі және облыс әкімі Ө.Шөкеевтің ашылған Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы. Түркістан облысында ашылған «Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы» Түркістан қаласындағы 160 кварталда орналасқан. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері қатысты. Бұл орталық шетел азаматтарына, қалаға келген қонақтарға «Е-қонақ үй» электронды базасымен рәсімделеді. Бұның тағы бір ерекшелігі мен артықшылығы сыбайлас жемқорлықты болдырмауға жасалынған шара деуге негіз бар. Облыста ашылған Көші-қон қызметтерін көрсету орталығында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, кірістер басқармасының қызметкерлері, медицина саласының мамандары, банк өкілдері, көші-қон қызметінің полицейлері, оның ішінде жаңадан ашылған туристік полиция қызметкерлері қызмет көрсететін болады. Арнайы орталықтың залдарында мемлекеттік қызметкерлер сізді бірінші кезекте электронды түрде тіркейді, өз салалары бойынша рәсімдейді, көші-қон басқармасы өкілдері қабылданған құжаттарды бірыңғай ақпараттық жүйеге, электронды ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізумен ғана шектеледі. Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елдің алдына қойып отырған жемқорлықты жоюға арналған шараның бірі болып табылады. «Е-қонақ үй» тіркеу тетігін іске асыратын, онымен жұмыс істейтін саланың бірі-Түркістан облысы Полиция департаментінің Көші-қон полициясы жанынан құрылған туристік полиция бөлімінің қызметкерлері. Оны құрудағы мақсат — Қазақстан Республикасының халықаралық имиджік, туристік тартымдылығын арттыру, елімізге турист болып келген шетелдік азаматтардың қауіпсіздігі және бағыт-

бағдар көрсету, кеңес беру, «Е-қонақ үй» электронды базасына тіркеу болып табылады. Бүгінде 117 елдің азаматтары үшін электронды түрде рәсімдеу іске асырылады, керек десеңіз, олар мемлекеттік шекарадан өткен бойда-ақ автоматты тіркелуге мүмкіндік береді және жұмыстар үшін полицияға келудің қажеттілігін болдырмауға септігін тигізеді. Туристік полиция тек қана шетелдік туристердің ғана емес, инвесторларды тарту үшін де қызмет атқарады. Қорыта айтқанда, облыстық Полиция департаментінің Көші-қон қызметі саласының «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі; — «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі — ішкі істер бастамаларының біріне жатады; — «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі — туристік саланы дамыту тұжырымдамасына жатады; — «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі — электронды база жасау негізі; — «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі 117 шетел азаматтарының электронды түрде рәсімдеу тәртібі; — «Е-қонақ үй» тіркеу тетігі — шетел азаматтарын шекарадан өткен бойда автоматты тіркеуді қамтамасыз етеді; — Тіркелу үшін полицияға келудің қажеттілігін жояды, бұл жемқорлықты жоюдың тәсілі; — Туристік полиция — олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлім және ол «Е-қонақ үй» тіркеу тетігін іске асырушы бөлімнің бірі. Осындай маңызы бар «Е-қонақ үй» тіркеу тетігін басшылыққа алған «Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы» мен Түркістандағы туристік полиция бөлімі заман талабына сай қызмет көрсетуге дайын.

Балтакесті Өтебеков

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?