Тұрғылықты мекен-жайы және құжаттары жоқ тұлғалар арасында қылмыстың алдын алу, сондай-ақ танылмаған мәйіттерді анықтау, хабар-ошарсыз жоғалғандарды және қылмыскерлерді іздестіру, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жағдайды тұрақтандыру және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2019 жылдың 17-21 маусым аралығында Түркістан облысында «Қаңғыбас» жедел – алдын алу іс – шарасы жүргізілуде. 
Түркістан облысы Полиция департаментінің барлық қала, аудандық полиция бөліністері мен қызметтерінің жеке құрамдары аталмыш акцияны өткізуге жұмылдырылды. Сақшылар облыс бойынша барлық саяжай, жертөле, шатыр секілді үй-күйсіз жүрген адамдардың мекендейтін орындарына тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Аталмыш іс-шараның 3 күнінде облыс бойынша 400-ден астам қора-жай мен 344 жертөле, шатыр тексерілді. Бүгінгі күнге дейін белгісіз тұрақты жері жоқ ұсталған азаматтар саны- 30-ға жуықтады. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын бұзу фактілері бойынша – 80-ге жуық жеке тұлға анықталып, қабылдап тарату орнына 20-ға жуық азамат орналастырылды. 
Сондай-ақ, облысқа қарасты Қазығұрт пен Сарыағаш аудандарында 200-ге жуық қора-жай тексеріліп, 33 азаматқа ҚР ӘҚБтК-тің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 
Еске салар болсақ, «Қаңғыбас» іс-шарасы ағымдағы жылдың 21 маусым күніне дейін жалғасатын болады. Сондықтан, тұрақсыз немесе үй-күйсіз жүрген азаматтарды көрсеңіз, олардың тарапынан тиісу әрекеттері болса полицияға хабар беріңіз. Бұл өз кезегінде қылмыстардың алдын алуға көмектеседі.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?