БАЛАБАҚША ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІ АТА-АНАЛАРЫМЕН ҚАУЫШТЫ- деп хабарлады, Шардара ауданының ішкі саясат бөлімі
Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты Шардараға жеткізілген 70 бүлдіршін бүгін ата-аналарымен қауышты. Кешегі күні қаладағы дүмпуден кейін «Лидер» балабақшасында тәрбиеленіп жатқан 70 бала мен Оразкүл Сұлтанбекова және Бибатпа Кеттешова есімді тәрбиешілерін сол мекеменің көлік жүргізушісі Асқар Әбдіхалықов автобусқа тиеп алып, Шардараға жол тартқан болатын. Оларды аудан тұрғындары күтіп алып, тиісті жатақ орынмен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Бүгін таңертеңнен бастап балаларының жағдайынан хабардар болған ата-аналары Шардараға келіп, балаларын алып кетіп жатты. Ең соңында қалған 6 бүлдіршіннің де ата-аналары анықталып, олармен байланыс жүргізілді. Осыдан аз ғана уақыт бұрын 2 тәрбиеші мен 6 баланы Асқар Әбдіхалықовтың иелігіндегі автобусқа жайғастырып, Шымкент қаласында орналасқан ата-наларына жөнелтілді. Шығарып салар алдында оларға тиісті азық-түліктер мен киім-кешектер, ойыншықтар мен басқа да керек-жарақтар берілді. Шардаралық тұрғындардың сын сағатта көрсеткен көмектері мен бауырмашылдықтарына алғыс сезімін білдірген тәрбиешілер риза пейілмен жолға шығып кетті. Ал, біздер бүгінгі бейбіт заманның батырларына лайық тірлік істеген көлік жүргізушісі Асқар Әбдіхалық пен Оразкүл Сұлтанбекова және Бибатпа Кеттешова сынды азаматтардың ерліктерін атап өткіміз келеді. 
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?