Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы адамдардың «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДП) экстремистік ұйымының қызметіне қатысуы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 405-бабымен қылмыстық істерді тергеп-тексеруді жалғастыруда. Қылмыстық іс аясында 9 адамға қатысты бірқатар тінту жүргізу санкцияланып, ол жерден компьютерлер, флешкалар, смартфондар, микрофондар және аэрозольды бояулар алынып қойылды. Соттың санкциясымен үш азамат қамауға алынды, қалғандарына қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орындарға парақшалар жапсырып, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату арқылы рұқсат етілмеген митингіге шақырған елорданың 7 тұрғыны — М. Мамбетов, А. Онланбекқызы, А. Мустафина, И.А. Горохов, А.К. Нурушева, Е.Б. Есхожин, К. Байнукей анықталып, ұсталды. Олардан компьютер, процессорлар, флешкалар мен смартфондар тәркіленді, олар бойынша сараптама тағайындалды.
Аталған тұлғалар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 3-бөлігі бойынша (ҚР бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік сотталғандарға арналған Арнайы қабылдау орнына қамауға алынды.
Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті ҚДТ тіркелмеген экстремистік ұйымының қызметіне тыйым салынғаны, ҚДТ белсенділері ұйымдастырған санкцияланбаған митингілерге қатысқан жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?