2019 жылы 2 шілдеде кассациялық комиссия 12 істі қарады. 2 адам ақталды. 
Б.Қасым мен Б.Рахметоллиннің ісі бойынша
2018 жылы Бекет Қасым мен Байзолла Рахметоллин алдын-ала сөз байласа отырып, адамдар тобымен жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін зорлық-зомбылық көрсете отырып, тонағаны үшін кінәлі деп танылды. 
Бұл қылмыс үшін Қасым 3 жылға, ал Рахметоллин 3 жыл және 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Апелляциялық сатыда үкім тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасынан барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, шартты түрдегі жазаға өзгерді.
Кассация істі қарап, әрекеттерінде қылмыс құрамы болмауына байланысты Қасымды толық ақтады. Кассация Рахметтолинге қатысты іс бойынша қабылданған сот актілерін өзгертті. Оның барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, шартты түрде жазалаудан «бір топ адаммен алдын ала сөз байласуды» саралайтын белгісі жойылды.
Қаулы төмендегілерге негізделген:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулының 26-тармағына сәйкес, егер ол тек талдау жасалмаған, шынайы екендігі расталмаған және басқа адамдармен расталмаған, жәбірленушінің айғақтарына ғана негізделіп шығарылған болса, соттың үкімі заңды деп саналмайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталғандай, жәбірленуші алкогольдік масаң күйде болғандықтан, сол күнгі болған оқиғаларды есіне түсіре алмады. Оның айтуынша, оған 3-4 белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасаған және әмиянын алып қойған. Жауап алу кезінде, ол оған қарақшылық шабуыл жасаған адамдарды есіне алмады. Шабуылшылардың бірі Қасымды оның бейнесінен ғана таныған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген жәбірленушінің айғақтары қарама-қайшы және басқа да объективті дәлелдемелермен расталмаған.
Қасым жәбірленушінің мүлкінің ұрлануына қатысқанын жоққа шығарды. Ол Рахметоллинмен бірге жәбірленушіге дене жарақаттарын салғанын мойындады, өйткені ол оларды балағаттаған. Рахметоллинде оның әмияны қалай болғанын, ол көрмеді. Жәбірленушіге дене жарақаттарын келтірген кезде, Рахметоллин мен оның арасында қарақшылық жасау туралы ешқандай алдын ала келісу болған жоқ.
Егер жәбірленушіге бірнеше адам дене жарақатын келтірген кезде, қатысушылардың бірінде жәбірленушінің мүлкін ұрлауға ниет туындаған болса, онда оның әрекеті тонау болып, ал басқа қатысушының іс-әрекеті жәбірленушінің денсаулығына зақым келтірді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленуші берген айғақтар қарам-қайшы және шынайы басқа да дәлелдемелермен расталмады. 
Қасымның әрекеттерінде жәбірленушіге жеңіл дене жарақатын қасақана келтіру түріндегі әкімшілік құқық бұзушылық байқалады. ӘҚБтК-нің 62-бабына сәйкес, Қасымды жауаптылыққа тарту мерзімі жойылған.
Осылайша, Қасымның кінәсі дәлелденбеген.
Қасымның оңалтуға және қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге құқығы танылды.
Кулаковтың ісі бойынша
Болат Кулаков есірткі заттарын пайдалануға үй-жай бергені үшін кінәлі деп танылды және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Апелляция үкімді күшінде қалдырды. 
Кассация істі қарап, Кулаковты оның әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты төмендегідей негіздемелер бойынша толық ақтады.
Сот анықтағандай, Кулаков куәмен бірге пәтерінде болып, есірткі заттарын пайдаланған, сол жерде олар оны дайындаған. Кулаков осы фактіге дауласпады. Куәгер Кулаков тұрып жатқан пәтерде олардың есірткі заттарын бірге дайындағанын және бірге пайдаланғанын растады.
ҚК-нің 302-бабының диспозициясында есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беруге жауаптылық көзделген.
Бұл ретте қылмыстық заңның осы нормасының мәні бойынша осы мақсаттар үшiн үй-жайлар беру деп притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау үшін үй-жайлар беру болып түсініледі.
«Есірткінің, психотроптық заттардың, сол тектестер мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнаманы қолдану туралы» ҚР ЖС 1998 жылғы 14 мамырдағы № 3 нормативтік қаулысының (өзгерістермен және толықтырулармен) 16-тармағына сәйкес, притон деп есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға берілетін және оған бейімделген тұрғын үй немесе тұруға болмайтын үйлерді айтады. Үй болған жағдайда есірткі немесе психотроптық сол тектестерді қолдануға ниеті бар тұлғаларды тарту әрекеттері табылады. 
Кулаков притон ұстауға немесе ұйымдастыруға бағытталған әрекеттерді орындамаған, есірткі заттарын пайдалануға ниет білдірген адамдарды тартпаған. 
Кулаковтың оңалтуға және қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеуге құқығы танылды.

Айдос Садуақасовтың фейсбук парақшасынан алынды

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?