Алқабилер аса қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін «Б.»-ны кінәлі деп таныды. Бұл туралы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді.
 2023 жылдың қарашасында Бұланды ауданының Макинск қаласында «Б.» оқпен жараланған «К.»-ні автокөлікпен басып, аса қатыгездікпен өлтірген. Кейін, автомашинаны айдап әкетіп, басқа көлікпен соқтығысу жасап, бөтеннің мүлкіне жалпы қауіпті жолмен залал келтірді (Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 5)-тармағы, 200-бабының 3-бөлігі, 202-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағы).
 Сотта анықталғандай, «Б.» мас күйінде, ұнамсыз қарым-қатынас негізінде, өзінің танысы «К.»-ны ауылдың сыртына шақырып, мылтықтан атумен оны иығынан жаралап, қашып бара жатқан, жараланған «К.»-ны қуып жетіп, ішінен екінші рет атқан. Содан кейін, жерге құлаған «К.»-нің басынан мылтықтың жуан жағымен ұрған.
 Кейін, «Б.» көлікке отырып, автомашинамен жерде жатқан «К.»-ні үстінен басып өткен. Алған жарақаттардан «К.» қайтыс болды.
 Қылмыс орнынан жасырыну мақсатында, «Б.» автокөлікті айдап кетіп, басқа көлікпен бірнеше рет қасақана соқтығысып, апатқа ұшыратты.
Бұл қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды.
Қазылар алқасының шешімімен «Б.» аса қатыгездікпен кісі өлтіргені, автокөлікті айдап, бөтеннің мүлкіне қасақана залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
 Сот үкімімен «Б.» 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталған «Б.»-дан жәбірленушілердің пайдасына 10 млн. теңге моральдық зиян және 1,5 млн. теңгеден астам келтірілген материалдық залал өндіріліп алынды. Сонымен қатар, сотталушыға алкогольдік ішімдікке тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындады.
 Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?