Құрметті достар, Алакөлдің жағалауындағы жайлы демалыстың деңгейін көтеру үшін 2016 жылдан бастап қыруар қаражат пен күш салдық. Бүгінде демалушылардың сүйікті орнына айналған жаңа форматтағы жаяу жүретін көше бой көтерді. Жағажайды абаттандырып, жарықтандыру жүйесін жүргіздік. Жаңа автобекет пен көлік тұрағын жасадық. Облыс орталығы мен Семейден Жалаңашкөл стансасына дейін теміржол қатынасын аштық.⠀Кәсіпкерлерді заман талабына сай ілгері басып, қарапайым ғана санитарлық, өрт сөндіру қауіпсіздіктерін заң талабына сай сақтауға міндеттедік. Десе де, әлі күнге дейін сервистік қызметтегі кейбір олқылықтар, кәсіпкерлердің салықты төлеуде жалтарып қалатыны сияқты мәселелердің өзекті екені жасырын емес, Шілде айының небәрі 11 күні ішінде жүргізілген тексерудің арқасында 38 «көлеңкелі» бизнес анықталып, 11 демалыс базасы есепке алынды.⠀Келер жылдан бастап бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалаларды қолға аламыз. Алғашқылардың бірі – ол Үржар ауданы орталығындағы аэропорт. Қазіргі таңда ұшу-қону жолағын қайта құруға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмысы аяқталды. Сондай-ақ, қосымша энергия көзін беретін 110 кВТ желінің құрылысы бар. Толқын қайтарғышы бар толқын тосқауылдарын орнату арқылы жағажайды бекіту жұмыстарын жалғастырамыз. Жаңадан бой көтеретін 60 ға шағын ауданға су құбырларын тартып, су жинау құрылғыларын, сонымен қатар қатар кәріз желілері мен тазарту, сүзу жүйелерін жүргіземіз.⠀Өскемен бағытындағы жол жөндеу жұмысы алдағы екі жылда аяқталады- деп жазды өзінің фейсбук парақшасында Даниял Ахметов

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?