Алматы облыстық прокуратурасының алқа мәжілісінде 2019 ж. жартыжылдық жұмысы қорытындыланды.
Аталған мерзім ішінде аса ауыр қылмыстың 17% (135-тен 112-ге) және ауыр қылмыстың 25%-ға (9572-ден 7189-ға) төмендегені отырыста аталып өтті.
Прокурорлардың өтінішхаттары арқылы апелляциялық сатыда 29 адамға қатысты сот қателіктері өзгертіліп, 14-нің жағдайы жақсартылды.
Еңбек қатынастары саласында 567 қызметкер алдындағы 66 млн. теңге еңбекақы қарызы өтелді.
Іс-әрекеті шектеулі 324 баланы қосымша оқыту үшін төленетін қаражатын алмаған 1,6 мың ұстаздың құқығы қорғалып, оларға 5,5 млн. теңге төленді.
Суды тұтыну бойынша тұрғындармен артық төленген 850 млн. теңге қаржы қайтарылып, 22 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жылу беру саласында тұтынушыларға 1,2 млрд. теңге артық төленген төлемдер қайтарылды.
«Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ мен «Жетісу газ құбыры» ЖШС-ның табиғы газды тасымалдау мен жабдықтауға бағытталған қызметінің бағасы төмендетіліп, 306 мың азаматтың құқығы қорғалды.
Ағымдағы жылы сотталғандардың 65,4% (1464 жұмысқа жарамдының 958-і) жұмысқа орналастырылды.
Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер мен негізгі бағыттарды белгіледі.

Алматы облысының прокуратурасы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?