Солтүстік Қазақстан АҚШ-тың аграрлық саладағы үздік технологияларын енгізуге мүдделі- деп хабар тарқатады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесті. Екі жақты кездесуде конструктивті серіктестік мәселелері талқыланды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы тақырыбына, аграрлық техника жасау, өнімді қайта өңдеуге баса назар аударылды.

«Біздің жеріміз құнарлы. Облыстың потенциалы жоғары, үздік технологиялармен оны пайдалану керек. Кадрлардың біліктілігін арттыру арқылы біз өнімділікті ұлғайта аламыз», — деді Құмар Ақсақалов.

АҚШ елшісі Уильям Мозер екі жақты қарым-қатынастың болашағы зор дейді. 
«Солтүстік Қазақстан ерекше өңір. Өйткені, біздің еліміздегі Дакота сияқты штаттармен климат жағынан өте ұқсас. Біздің шаруалар жермен қалай жұмыс жасауды өте жақсы біледі. Өзіміздің үздік технологияларды сіздерде енгізуге әбден болады. Бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыруға барынша қолдау көрсетеміз», — деді АҚШ елшісі.

СҚО-ның АҚШ елімен қарым-қатынасы дамып келеді. Облыста америкалық ауыл шаруашылығы техникасы үлкен сұранысқа ие. Биылғы жылдан бастап АҚШ-қа солтүстікқазақстандық кілегей экспортталады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?