Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев Оразақ ауылында көп балалы отбасыларға барды-деп хабарлады Целиногра ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда аз қамтылған көп балалы отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шараларын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет көп балалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетуде, жалға берілетін тұрғын үй алудың жаңа мүмкіндіктері мен жеңілдіктері енгізілуде, өмірлік қиын жаға тап болған отбасыларға берілетін несиелер бойынша қарыздар есептен шығарылуда, — бұл көп балалы отбасы, асыраушысынан айырылған отбасы, мүгедектер мен жетімдер. Елбасының әлеуметтік шараларын іске асыру аясында а. ж. 1 сәуірінен бастап «Атаулы әлеуметтік көмек» АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50% — нан 70% — ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Бұдан басқа, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін және бала кезінен бастап бірінші топ мүгедектігі бар адамдарды күтушілерге ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 30% -ға артты.
Мемлекет басшысының саясатын қолдай отырып, Целиноград ауданының әкімдігі Оразақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық хаттамасы негізінде ауданның тұрғын үй қорынан Оразақ ауылында алты көп балалы аналарға жалға берілетін тұрғын үй берді. Канада технологиясы бойынша СИП панельдерінен салынған бір қабатты үйлерде орталықтандырылған сумен жабдықтау, санузел, аристон, су жылыту қазандығы бар пеш бар. 
Бұл күні Малғаждар Тәткеев Таукенова Разифа Тенлікқызының, Рыспаева Айсұлу Батырбекқызының, Сатанова Айзада Кадболлақызының және Болтаева Меруерт Мергенбайқызының отбасына барды. Кездесу барысында аудан басшысы отбасының тұрмыстық мәселелерімен танысып, отбасының барлық қажетті төлемдерін алатынына көз жеткізді. Аудан басшысы көп балалы отбасыларына денсаулық, амандық тілеп балалар мен үй ошағын сақтаушыларға сыйлықтар табыс етті.
Барлық елде көп бала тәрбиелеп отырған әйел адам қоғамда әрқашан құрметке ие болған. Бүгін күнде Целиноград ауданында 797 көп балалы отбасы тұрады, онда 3231 бала тәрбиеленеді. Атаулы әлеуметтік көмекті 760 отбасы алады. 678 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.
Көп балалы аналар балалармен бірге көңілдері мен қамқорлығына шын жүректен риза болды, және бәрінен де, әрине, баспаналы болғанына.

Ақмола облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?