Абай Құнанбаев атамыздың 175 жылдығына орай өткізіп жатқан оқу эстафетасына Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандар да қатысып, Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқыды. 
Жазасын өтеушілердің бос уақыттары болмайды. Сотталғандар мекеме аумағында орналасқан өндіріс орындарында еңбекпен қамтылған. Мекемеішілік іс – шараларға белсене қатысады. Республика көлемінде Абай Құнанбаев атамыздың 175жылдығына орай оқу эстафетасы басталған естіген жазасын өтеушілер, біз де қатыссақ бола ма деп өтініштерін білдірді,- деді мекеменің жасақ бастығы әділет майоры Д.Ералиев. Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» өлеңін сотталған Н.С домбырамен нақышына келтіре орындады. Бала күнімнен домбыра тартып, күй шертемін. Ақын атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін мектеп қабырғасынан жаттап өстік, оқу эстафетасын естіп, қуанып қалдым. Бізді сотталған деп қоғамнан бөлмей, осындай шараларға қатысуымызға мүмкіндік беріп отырған мекеме әкімшілігіне рақметімді айтамын,- деді жазасын өтеуші азамат. Жастық шақта аңғалдығымнан темір торға тоғытылдым. Жазамды өтеп жатырмын. Өзім өнер саласында қызмет еткенмін деп әңгімесін бастады. Университет қабырғасында оқып жүріп «Абай оқулары» мүшайраларына қатысып, жүлделі орындар алып жүрдім. Әлі де ақын атамыздың өлеңдерінен қол үзген емеспін, қайталап оқып жүремін, бос уақытымда мекеменің кітапханасына келіп, қазақтың ақын- жазушыларының еңбектерін оқимын, әсіресе Ұлы ақынның шығармаларын оқып тұрамын. Оқу эстафетасын естіген бойда менде қатыссам болама деп кеп тұрмын деді,- жазасын өтеуші Т есімді азамат. Оқу эстафетасына қатысқан азаматтар Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Қара сөздерін», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдерін орындады.

Қылмыстық істер жүйесі басқармасы

Қызылорда облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?