2019 жылдың 5 тамызы күні сағат 16:00-да Қожанов н/з көшесінде (бұрынғы Обл.МАИ ғимараты) Шымкент қаласының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полкі қызметкерлерінің қатысуымен «Шымкент — адалдық алаңы» жобасы аясында «Адалдық жолында» атты кезекті рейді өтті.

Шараға «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, БАҚ өкілдері мен блогерлер, сондай-ақ қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері және арнайы мониторинг тобының мүшелері қатысты.

Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.

Шымкент қаласы Полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?