Жалпы балалар еліміздің болашағы. Ал сол балаларға өз қолдары өз ауыздарына жеткенше пана болу мына біздердің, ересектердің міндеті. Армансыз адам қанатсыз құспен тең демекші бала арманы қашан да асқақ. Алдауды, арбауды білмейтін, түсінгісі де келмейтін балалар болашақтан тек жақсылық күтеді. Ал жақсылық жасау әркімнің қолынан келетін іс.

2019 жылдың 14 тамызында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінде «Мектепке жол» акциясы аясында шара өтті. Шара барысында Мекеменің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Момбаев Ермек Жамбылұлы ата-аналарымен бірге келген бүлдіршіндерге алдағы оқу жылын үздік аяқтауларына сенім білдіретіндігін жеткізіп, көп түкірсе көл демекші бүгінгі ұйымдастырылған шараның жыл сайын жалғасып келе жатқан игі шаралардың қатарынан ойып тұрып алатындығын жеткізді. Шара барысында көмекке мұқтаж аз қамтылған отбасыларда өскен бүлдіршіндерге мектеп формалары, спорттық киімдер, мектеп сөмкелері, сондай-ақ қарындаш, дәптер секілді мектепке қажетті дүниелері үлестіріліп берілді. Ал өз кезегінде ата-аналар қауымы бүгінгі ұйымдастырылған мұндай игі шараға өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

Ендеше әрдайым игі шаралардың өткізілуіне ұйытқы болып, жақсылық жасаудан жарысайық ағайын!

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?