Шара кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәртіп бұзылған жерлерді анықтаса, волонтерлер ұйымдардың қызметшілеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

«Бұл шаралар қалада коронавирус таралуын алдын алу үшін және азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалуда. Аталмыш тәртіпті бұзғандарға алдымен ескерту жасалады, сондай-ақ 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Оған бағынбаса ТЖ енгізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтамағаны үшін әкімшілік қамауға алынады», — деп ескертті учаскелік полиция инспекторы Әли Әбитаев.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласында адамдар көп шоғырланатын нысандардың бірқатарының жұмысы тоқтатылды: кинотеатрлар, театрлар, көрме мен ойын-сауық орындары, сондай-ақ түнгі клубтар, караоке, барлар, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтары, жаттығу залдары, бассейндер және т.б.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?