Ағымдағы жылдың 30 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетов «Шұғыл ақпарат» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат берді. Тікелей эфир барысында Ералы Жумаханбетов қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Сұрақтардың бірі Әл-Фараби ауданының тұрғынынан келіп түсті, ол Айбергенов көшесіндегі жалға пәтер берушілер туралы айтып, шағымданды.
Сұхбаттан кейін Департамент бастығы журналистер мен қоғам өкілдерін шақырып, аталған аумақта рейдтік іс-шара ұйымдастырды.
Жедел іс-шара барысында жеңгетайлықпен және жезөкшелікпен айналысатын 3 әйел, пәтерлерді жалға беретін азамат анықталып, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, рейд кезінде қоғамдық тамақтану нысандарында, дәріханаларда, дүкендерде төтенше жағдай режимінің сақталуы тексерілді.
Олардың ішінде енгізілген төтенше жағдай ережелерін бұзған дәріхана, асхана және гүл дүкені анықталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Шымкент қаласы полиция департаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?