Түркістан облысында «Мал ұрлығына тосқауыл» жедел-алдын алу шарасы көлемінде, мал ұрлығына қарсы күрес және азайтуға бағытталған, Арыс ауданының полицейлері «ізін суытпай» бойынша бос жайылым жеріндегі мал ұрлығы дерегін ашты.

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Арыс АПБ Жергілікті полицей қызметі кезекшілік уақытында жолдардың бірінен мал тиеген екі жүк автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында анықталғандай, малдың құжаттары жоқ, ұрланғандығы белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс шарасы барысында полицейлер мал ұрлығына қатысы бар Арыс ауданының тұрғынын ұстады. Тергеу барысы көрсеткендей, ұрлық жасаушы мал жайылымынан 10 бас жылқы түнде ұрлап әкетіп, ұрланған малды жергілікті тұрғындарға сатқан. Келтірілген шығынның жалпы соммасы, жәбірленуші қойғандай үш миллионды құрайды.

Болған жайт ҚР ҚК 188 бабымен «ұрлық» бойынша Арыс АПБ СДТБТ тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлерінің жүргізген мал ұрлығына қарсы күрес іс шарасы арқасында ұрлық қылмысы дер кезінде ашылып, полицияға шағымданған заңды егесіне мүлкі қайтарылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мал жайылымында малдарын қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болуын ескертеді. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітілуі, малдарға қажетінше ен салынып, таңбалануы қажет. Мал жоғалу немесе мал ұрлығы орын алған кезде, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласқаныңыз жөн.

Егер сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәсі болсаңыз 102 сымтетігіне тез арада хабарласаңыз.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?