Тұрғын үй секторындағы әсіресе жеке үйлердегі өрттердің айтарлықтай бөлігі жылыту пештерін ақаулықтарымен пайдалану нәтижесінде күзгі-қысқы кезеңде орын алып жатады.

Осыған байланысты 2019 жылдың 9 және 10 ақпан күндері Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі, «КазТрансАймақ» АҚ ЖПФ және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен «Нур Отан» Жастар қанаты партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты белсенді жастары еріктілерімен бірлесе отырып өрт қаупісіздігі сенбілігі өткізілді. Осыған орай тұрғын үй секторында рейдтік шаралар және аулаларды аралау шаралары іске асырылды. Шараны өткізудегі басты мақсат жылыту маусымы кезеңінде өрттердің көбеюі, сондай-ақ адамдардың қаза болу және жарақат алуының және улы газбен улану оқиғаларына жол бермеу және алдын алу болып табылды.

Іс-шара барысында тұрғындарға улы газ, өрт кезіндегі іс-қимылдар және жылу беру маусымындағы қауіпсіздік туралы толық мағлұмат алып, жаднамалар мен парақшалар таратылып, нұсқау берілді. Ал тұрғындар өз тараптарынан осындай сипаттағы іс-шаралардың пайдалы екендігін білдіріп, сала мамандарына алғыстарын білдірді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Тараз қаласы ТЖБ бас маманы

Қайрат Оразбаев
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?