Жетісай ауданында полицейлер тұрғындарға ескерту жұмыстарын жүргізуде

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады, Түркістан облысы полиция департаментіне сізлеме жасап. Жетісай ауданында індет жұқтырғандар саны Түркістан облысы бойынша көп болғандықтан, бұл аймақ карантинге жабылған болатын. Осы қиын сәтте, жергілікті тұрғындарға Жетісай АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Ермахан Абдраманов: «Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құқықбұзушылыққа жол берген азаматтарға әкімшілік шараны қолдану соттың құзыретіне жатады. Яғни, сот қаулысымен ескерту беріледі немесе 10 АЕК мөлшерінде /26510/ әкімшілік айыппұл салынады, тіпті 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады. Сондықтан, төтенше жағдай кезінде қауіпсізді шараларын сақтап, карантин режимін бұзбай, тәртіпке бағыныңыздар. Сіздердің амандықтарыңыз біз үшін өте маңызды. Полицейлер сіздер үшін тәулік бойы қызмет атқаруда. Коронавирустың ауданға таралмауына мүмкіндігінше ат салысуда. Бірінші орынға халықтың денсаулығын қойып, жұмыс жасауда. Ол сіз үшін жұмыста қалды. Ал, сіздер үйде болыңыздар»,-деп ескертеді.

Иә, өкінішке орай, Түркістан облысында осындай ескертулерге қарамастан заң бұзып жатқан азаматтар да табылды. Соның ішінде Жетісай АПБ-нің өзінде полицейлер 9 тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Оның біреуіне ескерту берілсе, бесеуіне қатысты 10АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған, ал үш азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. «Сонымен қатар, коронавирус індетінің ауданда таралуының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен күнделікті сағат 19:00-ден кейін адамдардың топтасып жүрмеуін қамтамасыз етіп, Жетісай қаласында рейд жүргізуде. Себепсіз жүрген автокөліктер тоқтатылып, жүргізушілерге ескертіліп, тиісті алдын алу шаралары атқарылуда»- деп қорытындылады полиция полковнигі Ермахан Абдраманов өз сөзін. Түркістан облысының тәртіп сақшылары азаматтарға сақтық шараларын жасауға кеңес береді. Адамдар көп шоғырланатын аймақтарға барудан бас тартыңыздар. Ауданда барлық ойын-сауық орындарының жұмысы тоқтағандықтан, кешкі сағат 19:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін көліктердің жүріп-тұруына тыйым салынған. Сол себепті, үйде болыңыздар!

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?