Келес ауданы Полиция бөлімі Кадр саясаты тобының инспекторы полиция капитаны Рахматилла Шерхан Санатұлы

Мен Келес ауданы Полиция бөлімі Кадр саясаты тобының инспекторы полиция капитаны Рахматилла Шерхан Санатұлымын. 09.04.1993 жылы Келес ауданы Ақтөбе ауыл әкімшілігінің Ғ.Мұратбаев ауылында дүниеге келдім. Ғ. Мұратбаев атындағы №93 мектепке 1999 жылы барып, 2010 жылы аталған мектепті бітіріп шықтым. Полиция болуды кішкентайымнан армандадым. Отбасымда бұл салада жұмыс істейтіндер жоқ. Бірақ әкемнің 2 ағасы ІІО ардагерлері. Сол көкелеріме қарап, менде полицей болғым келді. Осы арманымды іске асыру мақсатында ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіп, 2014 жылы жоғарғы оқу орнын тәмамдап шықтым. Шаңырақ көтердім, қазіргі таңда 1 ұл, 1 қыздың әкесімін. Қиын да қауіпті салада еңбек еткендіктен, біз барлық нәрсеге дайынбыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, бүгінде елімізде мына бір індет тарап, тұрғындарды әбігерге салып қойды. Осы тұста күні-түні күшейтілген режимде жұмыс жасап әріптестеріме, «Бұл күндер де өтеді» атты өз жүрегімнен шыққан туындымды ұсынамын.

БҰЛ КҮНДЕР ДЕ ӨТЕДІ…

Бұл қазақты тағдыр талай сынаған,

Елім ай деп, жерім ай деп жылаған.

Қаншама рет талқан болды шаңырағы.

Қайсар халқым қайта оны құраған.

Уа ағайын тағы келді бір сынақ,

Тәжвирус тістемекші қыршып ап.

Көзімізге көрінбейтін бұл індет,

Көрші елден бізге жетті ұнғалап.

Қалмау үшін отың сөніп күл болып,

Уа ағайын жұмылайық бір болып,

Бір тәртіпке бағынбаған халықтың,

Білесіңғой кетітінін құл болып.

Дұрыс болар сабақ алсақ өткеннен

Қазақ бастан небір кезең өткерген.

Ынтымақ пен бірлігіміз жарасса,

Бақ береке қаша қоймас текті елден.

Құлақ түріп айтылған бар ескертуге,

Жұмылайық тәжвируспен күресуге

Тәртіп сақтап баршаны шақырайық,

Атсалысып күресуге бізбен бірге.

Өте шығар бұл күндерде бір күні

Көрсетейік басқаларға үлгіні.

Жеңем десең бұл індетті ертерек

Үйден шықпа, үйде отыр,

Біз Сіз үшін жұмыстамыз күн-түні.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?