Түркістан облысы полицейлері кафе ішінен «Қызыл кітапқа» енген үкі құсын тәркіледі-деп хабарлады, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Сайрам АПБ-ның Табиғатты қорғау полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты М.Ботабек және Әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы полиция аға лейтенанты М.Қуандықов экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Манкент ауылында орналасқан кафелердің бірінің ауласынан асырауға тыйым салынған үлкен «Үкі» құсын анықтады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 339-бабы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған құс ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген «Филин-Үкісі» болып шықты. Ол Шымкент қаласының хайуанаттар бағына жіберілді. Тәртіп сақшылары күдікті тұрғынның»Қызыл кітапқа» енген құсты қандай мақсатта ұстағанын анықтауда. Сондай-ақ тергеу барысында тұрғын бұл құсты 2015 жылдан бері асырап келе жатқанын жеткізген. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген сирек кездесетін жануарлармен заңсыз байланыс жасап, ұстағандар 3 мың АЕК дейінгі айыппұл немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?