Баршаңызға мәлім, соттар қашықтықтан жұмыс істеуде. Бұған Жоғарғы Соттың цифрлық технологияны қарқынды енгізуі мүмкіндік берді.
Бұл ел азаматтары үшін тиімді әрі пайдалы бола түсуде. Неге?
Біріншіден, қазір көпшілік үйлерінде. Сондықтан азаматтар қандай өтініш болсын, сотқа электронды түрде беруді жөн көреді.
Екіншіден, қағазбастылықтан арылуға жақсы себеп. Қаражат шығындамайды. Уақыт үнемдейді.
Үшіншіден, сотқа қатысты барлық шаруаны да электронды түрде бітіруге мүмкіндік мол.
Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Наиль Ахметзакиров: «Біз карантин кезінде де ел азаматтарының конституциялық құқықтарын соттар арқылы қорғау үшін IT-технологияны кеңінен қолданудамыз. Республика соттарында цифрландыру ісі нақты жүруде. Мысалы, азаматтық істердің 91 пайызы электронды түрде соттарға келіп түсті. Сот актілерінің 6,5 млн.-нан астамы интернет жүйесі арқылы қолжетімді»,- дейді Наиль Ахметзакиров.
Қазір көпшілікке «Сот кабинеті» сервисі кеңінен танымал. Мысалы, «Smart-сот» және «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламалары аясында «Онлайн-татуласу», «Сот актілерінің заңдылығын тексеру» және «Сот істері мен материалдарының болуын тексеру» сервистері жұмыс істеп тұр.
«Сот кабинеті» арқылы электронды өтініштер республика соттарына түседі. Бұл арқылы өтініш иелері хаттың тіркеу нөмірі, сот отырысының өтетін уақыты, т.б. мәліметтерді қысқа мерзімде алады.
Қазіргі уақытта соттар жұмысы 100 пайыз электронды форматқа көшірілген. Мұндай жұмыстың жаңа форматы дәл қазіргідей карантин уақытында өз тиімділігін көрсетуде. Байланыс арналарының (TrueConf, Skype, WhatsApp т.б.) мүмкіндіктері де артуда.
Қорыта айтқанда, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнбес үшін және конституциялық құқығын қорғау үшін соттар барлық жағдайды жасауда.

Айдос Садуақасов парақшасынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?