Естеріңізде болса ақпан айында, жол патрульдік полицейі ұйқтап жатқан жағдайы және оны екінші бір полицей келіп балағаттап ұрғаны туралы бейнежазба, әлеуметтік желілерде таралып кеткен болатын. 
Астана қаласынының Полиция департаменті әлеуметтік желілерде таралғанн полиция қызметкерлерінің қатысуымен орын алған оқиғаның 2017 жылы болғанын хабарлаған болатын. Полицейлерге қатысты бұл дерек дереу қолға алынып, тиісті шара жасалынды.

Астана қаласының Полиция департаменті полиция қызметкерлерінің жарғыға сай емес қарым-қатынасы фактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізгенін хабарлайды, оның нәтижесі бойынша жол-патрульдік полициясы ротасының командирі атқарып отырған лауазымынан босатылды. Жол-патрульдік полициясы полкінің полицейі қызмет уақытында ұйықтағаны үшін қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды- деп хабарлады Астана қаласы ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?