Түркістан облысының 450 полицейі Мақтаарал ауданының тұрғындарын су басу қаупіне байланысты көшіруге қатысты-деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, 01.05.2020 жылы Сардоба су қоймасы бөгетін су шайып кетуіне байланысты Өзбекстан Республикасының Сырдария облысындағы елді-мекенді су басты. Көрші мемлекеттің облыс басшылығының шешімімен су қоймасында су мөлшерін азайту мақсатында орталық тармақ арнасы арқылы суды ағызу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданында бірнеше шекара маңындағы коллекторлары суға толып қалды. Осылайша коллекторлардан құйылған су, арнасынан шығып кету салдарынан Мақтарал ауданы шекарасындағы Жеңіс және Жаңа Тұрмыс елді-мекендерін су басу қаупі туындады.
Аталған жайт бойынша Мақтаарал ауданының әкімдігінде жедел штаб құрылып, 02.05.2020 жылы шамамен 1 сағат 30 минутта техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Жеңіс, Жаңа Тұрмыс және Нұрлы жол ауылдарынан тұрғындарды және үй малдарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды.
Халықты эвакуациялау үшін жеке құрамның 450 қызметкері Мақтаарал, Жетісай және Сарыағаш АПБ-нен және Ұлттық ұланның 250 әскерилері жұмылдырылды. Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі №4 мектепте 2200 адамға арналған эвакопункт дайындалды.
Техногендік төтенше жағдай жарияланған оқиға орнына Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков арнайы келді. Қазіргі уақытта оқиға орнынан Мақтаарал ауданы елді-мекендерінің 5400 тұрғыны эвакуацияланды, кейбіреулері өздері көшіп, басқаларға көмек көрсетті. Тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп, басқа да қажетті шаралар қабылдануда.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?