Біз Ресейге бағынамыз ба әлде, Тоқаевтың атын атауға намыстанамыз ба?
Алдын ала, барша Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін Жеңістің 75 жылдығына орай шын жүректен құттақтаймын!


Мемлекетімізде бір қаншама мекемелер, Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін құттықтап, «түрлі» медальдар табыстап жатыр.
Неге түрлі?- деп сұрасаңыз айтайын, көрсетейін. Екі облыстағы ардагерлердің құттықтаулары мен табыс еткен төсбелгілерін (медальдарын) әлеуметтік желідегі құттықтауларынан оқып, көзім шалды. Ардагерлерге табысталған медальдар құжаты мен медальдың ерекшеленіп тұрғаны жаға ұстатты. Біз Қазақ елі, Қазақстан Республикасында тұрмаймызба, мемлекеттік тілдің өлгені ме?-деп таң қалу мен терең ойда қалдым. Бәлкім Ресейге бағынатында шығармыз, біле алмадым. Бірақ менде сұрақ пайда болды.
Неге Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл болса да, ҚР Президенті жарлығы немесе атынан аталған, арнайы төсбелгілер жасалынып, құжаттарымен табыстап емес, төс белгіні орыс тілінде жазылған «Указом Президента Российской Федерации от 13 июня 2019 г награжден (а) юбилейной медалью»-деп Қазақстанның елтаңбасы мен бейнеленген мөр басып, орыс тілінде жазылған төсбелгі (медаль) құжаттарын тарту етіп жатқанын, түсіне алмай, билік пен мынау оқырман қауымнан жауап алып, неге екенін білгім келді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы немесе аты мен, мемлекеттік тілде жазылған мемлекеттік төсбелгі (медаль) құжаттарын табыстауға не кедергі?
Құрмет пен Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?