Аида Балаева республикалық жастар ұйымдары жетекшілерімен кездесу өткізді-деп жазады Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Нұр Сұлтан қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан еріктілердің республикалық штабы мен Қазақстан жастары конгресінің кеңсесінде болды.

Республикалық жастар ұйымдарының лидерлерімен кездесу барысында министр жастармен жұмыс жүргізуде әрбір жас ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты  топтармен арнайы адресті қадамдар жасалып,  ақпараттық-ағартушылық жұмысты күшейтуге назар аударды.

«Біз жастардың әр санатының қажеттіліктері мен мүдделеріне қарай жұмыс істейміз», — деп атап өтті А. Балаева.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық санаттағы жастардың күрделі мәселелерін қамтитын жастар жобаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?