Алматы облысы әкімі Амандық Баталов

Әлеуметтік желілерде таралған, Ауғаныстан жерінен келген қандастарымыздың бірінің келіншегі ауыр һәлде науқастанып жатқаны туралы, және науқас келіншекті ауруханалар қабылдамай, қарамай жатқаны туралы шағымдар мен өтініштер келіп түсті. Бұл туралы сілтемед 31 мамырда жарияланған парақшаны да көру мүмкіндік бар: https://www.facebook.com/100005325377496/videos/1402842486569917/ Алматы облысы әкімі Амандық Баталовқа жазған хатым Қарасай ауданы әкімдігі мен, Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасына жолданыпты. Алайда ауруханалар, Ауғаныстаннан көшіп келген азамат, азаматшалардың құжаттары дұрыс емес, екендігін сылтауратқан көрінеді. Ал бейнежазбада жанайқайын жеткізбек болған, науқас келіншектің кийеуі Имамали есімді азамат еді. Имамалинің айтқан және сұранып отырған өтініші, тек құжатты рәсімдеп,бір жапырақ қағазды реттеуді өтініп сұраған. Ал сол бір жапырақ қағазды 4 жыл бойы реттеп ала алмай жатырмыз- деген Имамамалидің өтініштері негізінде жазылған ресми сұраныс хаттары, сен қара да мен қараның кесірі мен осы күнге дейін сағыздан бетер созылып жүрген көрінеді. Енді міне тағыда, әкімдік пен басқармаларға жолдау басталғанның кейпін көрген сияқтымын. Жарар, құжаттар мен жазған хатымды жауабы бір мәнісін табады ғой, жауап алмай қоймаймын. Бірақ, ең кереке болып тұрғаны хаттың жауабы емес, келіншектің өмірін сақтап қалу еді құрметті Амандық Баталов!Ертеңгі күн көз алдымызда жылап, еидеуге көмек сұрап, құжатын реттеуді өтініп отырған котбасы, аналарын жоғалтып алса, балаларының күнәсіне батып кетпейік елағасы?Бір жапырақ қағазды бере алмасақ, балалары мен отбасын шырылдатып емдей алмасақ, ауруханаға жатқыза алмасақ, ондақауһарсыз мемлекет екенімізді айтып, өз елдеріне қайтарайық, әні-міні- деп уақыт созып оларды сандалтқанша Амандық Баталов?Мен адамның, ананың перзенттерінің обалынан қорқамын.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы Сардар Әбдіжақия

Алматы облысынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?