Шымкенттегі саясаттың «ішкі» ма әлде «сыртқы» ма, жұмыстар жүріп жатқаны айдай анық!

Шымкент қаласы әкімдігіндегі Сәбит Реметовтың фейсбук парақшасының суреті


ДВК-ға немесе мемлекет басшылары мен елбасыны жамандап жазғандарға заң тарапынан тиісті шара қолданып, митингіге шыққандар қамауға алынып жатқанын барлығымыз көріп жүрміз!
Енді міне Шымкент қаласы ішкі саясаты және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева да шындықты мойындағандай, ақиқатты айтып жатқан белсенділердің бірі, Ибраһим Алсеркенің туған күні мен құттықтап, құрмет көрсетіпті. Үлкенге деген құрмет әрине өз орнында көрсетілуі керек! Ал ақиқатты мойындау екінің бірінің қолынан келебермейді!

Ибрахим Әлсеркенің фейсбук парақшасында жазылған ақпараттың суреті

Ибраһим Алсерке ағамыз, «ЕЙ , НАЗАРБАЕВ ТАРТ ҚОЛЫҢДЫ ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІНЕН»-деп ақпарат бөліскен болатын. сілтемеден толығырақ:
https://www.facebook.com/ibraxim.alserke/videos/727867764304221/ Демек, Назарбаевқа қарсылық көрсетті деп түсінген ағамыздың сөздерін, Шымкент қаласы ішкі саясатында Жанар Бектаевада қолдап, қоштады деген ой келді маған. Ал, Түркістан облысындағы Сәбит Реметовтың өзі арнайы парақшасына жазып, Ибраһим Алсерке ағамызды құттықауын жазған екен. Түркістан облысы әкімдігі де қолдауйды деген сияқты, денеме «күш- қайрат» келді.
Ал мынау сілтемеде қай Назарбаев айтылған екен маған белгісіз. https://www.facebook.com/ibraxim.alserke/posts/739249566499374 Назарбаев десе болды, тұңғыш президентіміз еске түсіп кетеберетіні бар менде.

Ибрахим Әлсеркенің жазған ақпаратынан сурет алынды


Жанар Бектаева, Ибраһим Алсерке ағамызды құттықтап, құрмет көрсетіп жатыр екенсіз, үйіне милициялар келмейтін етіп қарастырсаңыз болар ма еді?
Ибраһим Алсерке ағамыз шындықты өзінің фейсбук парақшасында көрсеткен екен. Жанар Бектаева ханым, сіз сол ШЫНДЫҚТЫ көріп, тыңдадыңыз ба? Көрмеген болсаңыз сілтемесін салайын: https://www.facebook.com/ibraxim.alserke/posts/632354603855538

Ибрахим Әлсеркенің фейсбук парақшасында жазылған ақпарат

Жанар Бектаева, мынау видеода айтылған сөздерді де қолдайсыз ба? Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/ibraxim.alserke/posts/631851883905810

Ибрахим Әлсеркенің фейсбук парақшасында жарияланған ақпарат

Аталған, яғни сілтемелердегі ақпараттарды, Түркістан облысы әкімдігіндегі Сәбит Реметов та қолдаса керек, себебі Ибраһим ағаны бекерге құттықтап жазбаған ғой өз парақшасында. Шындық орын алып келе жатыр деп атайбереміз бе?

Ибрахим Әлсеркенің парақшасынан


«ТОҚАЕВ СЕН АЛДАДЫҢ, САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТКЕН ЖОҚ!»- ДЕП , Тоқаевқа өкпелеген ағамызды құттықтағаныңыз «орынды» болған екен
«Сайлауда қарғыс атқан мұғалімдер әділетсіздік жасады. Бұрында жасаған»-деп мұғалімдерді қарғыс атқан адамдарға теңеген Ибраһим Алсерке ағамыз бен мұғалімдерді сізде қарғап жүрмесеңіз болғаны тек?

Жазы бойы жазған жаңалықтардан кейін, күзде жемісін жеген ағамыздың құрмет пен қошеметтері құтты болсын. Деген мен Назарбаев пен Тоқаевты «торауылдап» отырған ағаларды бағалап жатқандарына қарағанда билікке қарсы отырған жергілікті билік пе?- деп ойлайсын. Мейлі, рас осы көріністің күәсі болсақ, басқа облыстарда да, Назарбаев пен Тоқаевты сынға алған аға-інілерімізді қамап, ұстап алып кетулерін жоғару керек-деп санаймын. Себеьі Қазақстан Республикасында заң біреу, әрі баршаға бірдей!

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тіл тигізді деген айыппен сәуір айында қамауға алынған Арман Хасеновты 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты, деп хабарлайды zakon.kz. Ал Шымкентте тілдегендерге қошемет көрсетіліп жатқан көрінеді. Ал, сол «қошемет» көрсеткендерге басшы, (әкім) болып Мұрат Әйтенов отырған жоқ па?

Сардар Әбдіжақия, ШЫМКЕНТ

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?