Түркістан облысы полицейлері 4,7 мыңнан астам түп көкнәр тәркіледі-деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, заңсыз есірткі еккен күдіктіні құрықтады. Анықталғандай, егде жастағы ер адам өз ауласында құрамында есірткісі бар өсімдік түптерін ірі мөлшерде өсірген.Келес ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде жедел уәкілдер көкнәр тәріздес 4730 түп есірткі өсімдігін тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, құрамында есірткі бар көкнәр түптерінің жалпы салмағы 205 кг-нан асты, ал кептірілген көкнәрдің салмағы 12,5 кг-ға жуықтадыАталған жайт Келес АПБ СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі «құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктінің құрамында есірткісі бар өсімдіктерді не себеппен өсіріп, сақтағанын анықтауда.Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері аталған баптың санкциялары үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастыратынын ескертедіЕгер сіз осындай қылмыстың куәгері болсаңыз, тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз. «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?