Нұр-Сұлтанда 230 кәсіпорын санитарлық нормалардың сақталуына тексерілді-деп хабарлады, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды сақтау бойынша 230 кәсіпорын тексерілді. 15 нысан ескерту алып, 3 нысан жабылды. Олар асханалар мен кофеханалар.

Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын санитарлық нормаларды бұзған мекемелерді анықтау үшін рейд жүргізеді. Бұған дейін санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін жабылған нысандар санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуын қамтамасыз етпейінше жабық болады. Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданды.

Елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептик пайдалану қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталмаса, қалада күшейтілген карантин режимін енгізуге – нысандардың жұмысын тоқтатуға, қалада жүріп-тұруға шектеу енгізуге тура келеді.

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?