Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы көзімнен жас шығуына себепкер болды. Сырт көрінісі бірдей болған полицейлердің ішкі дүниесі бірдей емес!

Шымкент қаласының полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Ералы Жұмаханбетовтың әрекеті жүрегімді елжіретті. Мегаполистің тұрғыны, кішкентай Амалия есімді 2 жасар қыздың анасы Оксана Игоровнаның, Шымкент қаласы полиция депртаментінің инстаграм парақшасына, қызының арманы туралы жазған өтінішін, Ералы Жұмаханбетов барынша орындап, Амалияның арманына жеткізді, тіпті қызметтік полиция көлігіне отырғызып, анасы мен серуендеугеде мүмкіндік берді. Ал, Амалия есімді кішкентай қыз, туа бітті көзі көрмейтін, полиция туралы анасынан көп естіп, сол полицияны қолымен ұстауды армандаған екен.

Гүл шоқтары мен тәттісін көтеріп тіке үйіне келген полиция департаменті басшысы, Амалияның қуанышына септігін тигізіп, арманын орындады. Көздері көрмеседе, полицейдің көлігіне отырып, полиция көлігінің дыбыс дабылын естіп қуанышқа бөленді.

Полицейлердің де жүрегі жұмсақ, мейрімі тасып тұратынын сөзімен емес, ісімен көрсете білген полиция департаменті басшысы, халықтың көңілін тауып, жұмысы бастан ассада кішкентай балапандарға уақыт пен көңілін бөліп жүргені, балаларды ғана емес, үлкендерді қатты қуантты. Бұл көріністің әсері, менің көздеріме еріксіз жас келуіне себеп болды. Әрине қуаныштың жастары ғой. Қазақ полицейлері аман болсын!Рахмет сізге Ералы Мұсаәліұлы

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?