Аузыңды жап!


Жаз айы келіп ыстық қаптаған мезгілде, індеттен арылу үшін «қолыңызды қайта-қайта жуып жүріңіз»- деген билік тарапы, ауыз суға зар етті ме, Жеткеншек елді мекенінің бір көше турғындары, көшенің атауы, мен жолдары мұнда тұрсын, ауыз суға жете алмай, жетім қалған елді мекеннің кейпін кигендей, көкейіндегі өкпесін жергілікті билікке жеткізе алмай, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне хат жолдады.

Билікке барса, «аузыңды жап!»- деп дөрекі көрсетеді, деген келіншектің айтарын әкім елегісі келмейді ме, әйтеуір әкім әккі мен қол сілтеп, түкірік астында қалдырғандай, қалағанын жасап, жұрттың жағдайын елемей жүрген сияқты.

v=Y6cOiR0SM9k&fbclid=IwAR1dK7byFrYBBscMoFDd6yJoLxLUbXpFk5_nYut7AxR-uASGPwUGOjyjZEUҚаншама жерге жағдайымызды айтсақ нәтиже жоқ- дегендердің дегені қашан орындалады, бала туып, ұрпақ жалғастырып, Қазағымыздың санын көбейтіп, жүрген келіншектердің көкірегінен итеріп қоя салмақ па, бізге белгісіз?Түркістан облысындағы Созақ ауданында орналасқан Жеткеншек елді мекені, тұрғындарының, талабы, тоқ етер нүктесін қашан қояды екен?- деп елді мекенге ат басын бұрдық. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауында, «Халықпен тиімді кері байланыс орнату.Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады» -деген сөздері түкке тұрғысыз қалды ма?Созақтағы созылып жатқан күрмеулі мәселелердің түйінін президенттен сұрамасақ, жергілікті билік аузыңды жап!- деп доқ көрсетіп жатқан көрінеді.

Жеткеншек ауылында тірі адамдар мұнда тұрсын, өлілердің өзі зардап шегіп, жатқан көрлерінде, елді мекендегі жағдайлардың зардабын тартып, дүниеден озсада, тіршіліктің азабынан дәм татып жатыр десек қате болмас. Ауыл турғындарының арасында айтылып жатқан сөздерге құлақ түрсек, «Ауылда кәсіпкерлікпен айналысып жүрген жігіттің бауында, жемісі жоқ бақша ағаштарының тамшылатып суғаруға алған субсидиясын тексеретіндер базынасын алып кетіп, зардабын шегіп жатырмыз»-деген бажайларды тексеретін текті басшы табылмаса керек, жер астын суы көтеріліп, дәретханаларын су шәйіп, су ішетін құдықтарын құлатып жатқан шағымдар айтылды.

Ал елді мекенде дүние салғандарды соңғы сапарға шығарып салатын қорымның қорқынышты жағдайын көзімізбен көріп келдік. Бейіттің басына барып, жерленген марқұмдардың қабірлері қирағанын көріп жаға ұстадық. Мазараттың шырақшысының айтуынша, қабірлердің ойылып түсіп жатқаны, жер асты суының көтеріліп жатқаны салдарынан екенін баяндап берді. Ал әкімдік тарапынан мардымды жауапта болмаса керек, бізде әкім қабылдауына кіру мүмкіндігіне жете алмадық. Мүмкін, карантин кезінде әкімде, халықтың жанайқайынан емес, таралып жатқан коронавирустан қорықса керек, тағы кім білсін?Марқұмдардың мазарындағы мәселені мейлі, тірі жүрген тіршіліктің жағдайы да мәз емес екенін баяндап берген тұрғындардың айтуынша, жер асты суының көтерілгенінен болса керек, тыйындап жинаған қаржымызға тыраштап салған үйлеріміздің қабырғалары ажырап жатыр, ал салбырап жатқан сымдарға малымыз тоққа түсіп өлді, көлшікте жиналған суға кеткен малымызды кім өтеп береді екен?-деп агенттігімізден көмек сұрап отыр.


«Сен сияқтыларды білемін, сендер жерді аласыңдар, сосын бала туасыңдар да келесіңдер»- деген әкімдіктің дөрекіліктері туралы айтқан келіншек, жап аузыңды, жап- деп дөрекілік жасайтынын да жасырмай айтты.
«Көп жағдайда азаматтарымыз орталық және жергілікті органдар басшыларының құлықсыздығы мен «бейқамдығына» байланысты Президентке жүгінуге мәжбүр болады»- деп айтқан, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы сөздері қашан назарға алынатыны белгісіз болып тұр.Сорақысы, Жеткеншек ауылына «нұрлы жер» бағдарламасымен кіргізілген жарық және жарық сымтіректеріне (столба) 223 миллиондай қаржы қаралып, ол талан — тараж болғаны туралы да көп айтылды, нақты жауапты беретін билік әзірге қауһарсыз. Енді облыс әкімі, Өмірзақ Шөкеев тарапынан бір әрекет болып қалар, президентті мазаламай тұрып?

Мейлі, жемқор жамыраған заман болар, бірақ та, ел аузында жүрген, «өлі разы болмай, тірі байымас»- деген сөзді елеп жүрейікші ағайын?

Сардар Әбдіжақия

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысынан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?