Түркістан облысы полицейлері балаларды қарбыздың қабығын жеуге мәжбүрлеген ер адамды тапты-деп хабарлайды, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінің назарына аузына келген былапыт сөзді айтып, екі кішкентай ұл баланы балағаттап, оларға қарбыздың қабығын жегізіп, соны өзі видеоға түсіріп тұрған азаматтың бейнежазбасы ілікті.


Бір тәулік ішінде полицейлер қоғамдық резонанс тудырған бейнежазбаның авторын анықтап, ұстады. Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Бейнеге түсірілген жайт 2019 жылдың тамыз айында болған. Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, полицейлер балаларды да тапты. Олардың ата-аналары полицияға аталмыш құқық бұзушыны жауапкершілікке тарту үшін арыз беруге ниетті екендіктерін жеткізді

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?