Мемлекетімізде, коронавирус пен пневмония кеңінен таралып, халықты әбігерге салып, қаншамасының өмірін де өзі мен алып кетіп жатқанда, Түркістан облысы, Келес ауданындағы емханасының көрінісі, індеттен залалсыздандыру, сақтану (дизенфекциялау) шаралары өтірік, бармақ басты, көз қыстының кейпін кигенге ұқсайды. Ал ақиқатын айтқысы келген дәрігерге қысым көрсетіліп, тіпті жұмыстан қуып жібергені туралы қауесеттер кеңінен таралғанда, бұл ақпаратты, «астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі зерделеуге кіріскен болатын. Алайда, Келес ауданындағы емханасында дәрігердің әлеуметтік желісінде мынаай бір жазбасы пайда болды:

«Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пашимов Марат Орынбасарұлының назарына.


1) Келес аудандық Абай ауруханасына қарасты мамандандырылған емханаға 2020 жылдың сәуір айынан бастап бір рет болсада дезинфекциялық, вирустың таралуын алдын алуға арналған іш шаралар жүргізілген жоқ.

2) Келес аудандық Абай ауруханасына қарасты мамандандырылған емхананың алдына аурухана басшылығы дезинфекциялаушы дәліз орнатты, дәлізді көрсеңіз ол қандай вирустан залалсыздандырады деген ойға келесіз. Видео түсірілді назарларыңызға ұсынамын. Фотода талапқа сай дезинфекциялаушы дәліз салыстыру үшін салынды.

3) Емханаға келушілердің саны өте көп. Ара қашықтық сақтау белгілері орнатылмаған. Жоспарлы түрде келіп көрінетін науқастар саны да көп.(проф.осмотр, мүгедектікке шығу үшін,болмаса қайта өту мамандардың тексеруінен өтетіндер, флюорография) Емханаға келушілердің санын азайту бойынша және вирустың халық,медицина қызметкерлері арасында әрмен қарай таралуын болдырмай үшін аурухана басшылығы жоспар құрып, тез арада жұмыс істеу керектігін талап етемін.

4) Аурухана басшылығы орталық аурухананың ең жоғарғы қабатына шығып алмай медицина қызметкерлерімен, халықпен тығыз жұмыс жасауды талап етемін.Егізбаев Мұқан Кеңесбекұлының тапсырмасымен аурухана басшылығы халыққа жақын болу мақсатында аурухананың төменгі қабаттарына орналасқан еді,енді қайтып жоғары қабатқа шығып алды.

Науқастар мен туыстары аурухана басшылығына барып жолығайын десе аурухана келушілерге жабық қазіргі таңда, олар кімге барады сонда?

Келес аудандық Абай ауруханасының басшыларын емхананың 1 қабатына орналассын, халықпен тығыз байланыста болады, мұңын естиді, кемшіліктерін көрсін өздері басқарып отырған мекеменің.

Сол кезде емхананың жұмысы реттеліп қалар. Емханада электронды кезек, цифрлық Қазақстан деген деген ұғымдар жоқ ау шамасы. Емхана келгелі 3 айдың жүзі болды орнатылған екі теледидардың сол электронды кезекті көрсетіп тұрғанын көрмедім. Болмаса сол теледидардан халыққа хабарландыру ретінде мынау Covid-19 туралы бір ақпараттың тарап тұрғанын көрмедім.

Ол теледидар тоқ көзіне де тығылып тұрған жоқ қазіргі таңда.

Ауруханамызда медицина қызметкерлерінің пневмония індетіне шалдығулары жиілей бастады, аурухана басшылығы осы жағдай бойынша түсіндірме берсін шығып.

Бізді осы фейсбук желісіне шығарып шағымдандыра бермей, нақты осы айтылған кемшіліктер бойынша жоспар құрып жұмыс жасауды талап етемін. Кабинеттеріңізден шығыңыздар.

Маған жауап ретінде аурухана бас медбикесі Мадиева Насиба ханым шығып дәрі дәрмек, қорғаныш құралдары жеткілікті деген еді, назарларыңызға құдай қаласа жақын күндердің ішінде дәрі дәрмектің біздің ауруханада жетіспейтіні, сол дәрі дәрмектерді науқастардың өздері сатып алуға мәжбүр болып жатқаны туралы дәлелмен мәлімет саламын нәсіп болса.

Министірлер кабинеті отставкаға кеткенде, аурухана басшылығының отставкаға кетуі түк емес шығар.Сейдуалиев.К.А1 санатты дәрігер хирург 30.06.2020 жыл.» — деп өзінің фейсбук парақшасында ақпарат жариялады.

(Жалғасы бар)

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?