Меніңше адамның денсаулығы өз өзін сыйлауынан басталады. Қазақ неге түнде майлы етке тойып алып ыстық шаймен басады (арақты жазбай-ақ қояйын)? Ол денсаулыққа зиян екенін білмей ме? Біледі әрине. Диабет, холестерин, атеросклероз, артық салмақ, ас қазанның язвасы, рак осыдан басталады ғой. Біз бұны білмейді дейсіздер бе? Білеміз, бірақ тоқтамаймыз. Неге? Себебі өз өзімізді сыйламаймыз, өз өзімізді жақсы көрмейміз. Денсаулыққа келгенде қазаққа эгоизм жетіспейді деп ойлаймын.Үкімет, билік бізге денсаулықты әпере алмайды, оған көзіміз жеткен шығар. КОВИД халықтың денсаулығы неткен нашар екенін нық көрсетті. Халықтың иммунитеті өте төмен, әлсіз. Өзіміз денсаулығымызға қарамасақ, ұрпақты өз өзіне құрметпен қарауды, оның ішінде спортпен айналысуды үйретпесек, болашақ мүшкіл.Бос тойларды да қою керек. Қаншама уақыт пен ақша бекер кетеді, адам майлы тағамдарды жеп арақты ішеді. Кейбір ауылдарда-қалаларда апта сайын той ғой. Сонда адамның денсаулығынан не қалады? Өз өзімізді жақсы көріп құрметтейік, денсаулыққа келгенде еврейлер секілді эгоист болайық! Балаларды да соған үйретейік! Мұхтар Тайжан

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?