Жол, асфальт атаулары аудандарда ғана емес, елімізде күрмеулі мәселеге айналып, жемқорлық жағасына біржола отырып алғандай, шикіліктері шығып жатыр. Жолдың жағдайы жақсаруына жүздеген жылдар өтседе жөнделіп, жақсы жолдар салынатын түрі жоқ сияқты. Салынғанының өзі кілем, көрпеше сияқты, тіпті Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы жаңадан салынған асфальттан көк шөптер өсіп жатқаннан соң не айтасыз?

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы жаңа салынған жолдың сапасы


Қазығұрт ауданындағы асфальт, жолдың мәселелері бойынша, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігімізге, тұрғындардан шағымдар келе бастады. Шығымдары, жолға жарымай, салынған жолының үстінен көк шөп қаптағаны туралы көп айтылады.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы жаңа салынған жолдың сапасы

«Жол салу төсеу саласында былықтар өршіп барады. Әсіресе Қазығұрт ауданында таза сыбайластықпен быт-шыт асфальттар төселуде. Тағы осы фирма тендер ұтып алуын жалғастыруда. Неге екені қарапайым адамға да белгілі. Ауыл тұрғынының өзі қандай не төселу керек екенін айтып, аудандық ЖКХ бөлім бастығын орнына қойып берді. Үн жоқ ЖКХ да. Қаласаңыз видео фото аудио материалдар жеткілікті. Осыны бір қолға алып көрсеңіз жауапты адамдар тиісті жазасын алса. Ең болмағанда сапасыз фирмалар жол төсеуін тоқтатса»-дейді тұрғын.

Жергілікті тұрғындар

Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округінің тұрғындары аудан әкімі Телғараев Төлеген Тұртайұлы мен оның орынбасары Тайбек Қалымбетов тұрғындардан кешірім сұрауын талап етіп отыр. Өткен аптада Қызылқия ауылдық округінде жолдың сапасыздығына тұрғындар наразылық тудырған болатын. Сол кезде Қазығұрт аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов тұрғындарға бар ойын жайып салды. «КӨ..Н ҚАСЫП ОТЫРА БЕРІҢДЕР» деп ойындағысын сөзбен жеткізген болатын. Арада апта өтіп жатыр. Ал айтылған сорақы сөзі үшін әкімде, орынбасарыда халықтан кешірім сұрап келмепті. Керісінше кей тұрғындарға өздері келіп кешірім сұрауын Қызылқия ауылдық округінің әкімі Асан Нусеновтен хабарлама айтып жіберіпті. Тұрғындардың қытығына тиген аудан әкіміне Түркістан облысы әкімдігінен ешқандай шара көрілмей келеді- деп жазады, журналист Нурлан Пайзов өзінің фейсбук парақшасында.

Бейнежазба Нурлан Пайзовтың фейсбук парақшасынан пайдаланылды

Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев, пандемия кезінде, қаржыны үнемдеп, керектісін ғана жаратуды тапсырғанда, тапсырыс алған компанияның көкірегіне нан пісіп отыр ма, әлде жергілікті билік пен ауыз жаласып отыр ма? Ол әрине бізге белгісіз, ал тексеруші және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен прокуратура қауһарсыз көрінеді, нәтиже беретін күн көкейде ғана қалып жатыр.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы жаңа салынған жолдың сапасы

Алдағы 3 немесе 5 жылдың жарамдылық мерзімін алға тарту сәнге айналғандай. Алайда қабылдап алған әкімдікке қарасты аудандық ТҮКШ (тұрғын үй- комуналдық шаруашылы) қандай мақсатта қабылдап алған, әлде қандай да тапсырма орындап, әкімнің әккісінен қорықты ма?

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы жаңа салынған жолдың сапасы

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындағысы келмей, немесе бюджеттегі қаржыны талан-таражға салып жатуына жол берген жергілікті билік, басшылық буынға неге ешқандай шара жоқ Өмірзақ Шөкеев, әлде сіздің тапсырмаңызды орындап отырма?

Қашанға дейін «к*т қасып» отыра бермекпіз Өмірзақ Естайұлы?

Сардар Әбдіжақия,

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

(Жалғасы бар)

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?