Көршілер жанып жатқан үйден екі баланы құтқарып алды-деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспсөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Қарағанды облысы Ақтас кентінің тұрғыны Никита Борисов төменде орналасқан пәтерден батареясына соғылған қағысты естиді. Тез арада бірінші қабатқа түсіп, пәтерден түтін шығып жатқанын байқайды. Сол уақытта осы үйдің тағы екі тұрғыны Михаил Сосновый мен Дмитрий Буд пәтер терезесінен түтін шығып жатқанын көреді.

Өртке қарсы қызметке қоңырау шалып, пәтердің кіре беріс есігін ашуға кіріседі. Ортақ күшпен көршілер есікті ашып алады. Пәтерде екі бала болған: 6 жасар қыз және 3 жасар ұл бала. Қуанышымызға орай, балалар зардап шеккен жоқ.

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін ер адамдар жанып жатқан пәтерден газ баллонын алып шығып, қолда бар құралдармен бір бөлмелі пәтердің қонақ бөлмесіндегі өртті сөндірген.

Өрттің шығу себебі балалардың отпен ойнауынан болған.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті батырларға жасаған әрекеті үшін алғыс айтып, ата-аналарға кішкентай балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмауға шақырады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?