Биліктен күткенше, өзіміз қолға алайық, көкмектесейік- деген оймен жазса, керек, Шарип Жалғасбайұлы, төмендегі жазбаны өз парақшасына жазған болатын:

Жаңаөзен қаласында 157 мың халық бар. Әр бір 10 мың адамға БІР ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ көлігі шығуы тиіс екен. Қазіргі таңда Жаңаөзен бойынша 12 жедел жәрдем көлігі бар екен. Оның төртеуі қала бойынша, үшеуі Рахат ауылына, біреуі Теңге селосына шығады екен. Одан бөлек Сенек, Қызылсай, Құланды ауылдарына да осы санаулы жедел жәрдем көлігі барады екен. Қалған төртеуі бұзылып тұр дейді. Бұзылып тұрған көліктерге төмендегі тізімдегі қосалқы авто бөлшектер қажет екен.

Енді, Жаңаөзенде болып жатқан қиын-қыстау кезеңде онсыз да жетпей, жетіспей жатқан жедел жәрдемнің осы қосалқы авто бөлшектерге қарап, жүрмеу тұруы Маңғыстау Денсаулық Сақтау Басқармасы на өте үлкен сын. Жедел жәрдемнің қосалқы авто бөлшектер тек Жаңаөзен емес, Маңғыстау бойынша шешілмей тұрған өзекті мәселе екен.

Жедел жәрдем жүргізушілері обл.әкімі Серікбай Трұмов мырзаға, обл.әкімінің орынбасарлары Alikhan Kraubayev пен Каныбек Жумашев мырзаларға да, жақында Маңғыстау облысының денсаулық басқармасы басшысы болып тағайындалған Жамал Жаманбаева ханымға да жедел жәрдем айналасындағы проблемаларды айтып келеміз дейді. Бұл не қылған шешілмейтін проблема?

Ең құнды нәрсе адам денсаулығы бола тұра, халыққа ең керек жәдел жәрдем мәселесіне басшылар неге салақ қарайды? Қоғамы Акционерлік Өзенмұнайгаз басшыларына да бұл мәселе тиісті.

Денсаулық саласының бюджетін Маңғыстау облысының денсаулық басқармасы бекітетін болғандықтан, сынның бәрі басқарма басшысына тиеді. Ал обл. әкімшілігіндегі денсаулық саласына жауапты басшыларға айтарым: үйлер боялмаса да, құрылыстар салынбаса да т.б нәрселер жасамаса да денсаулық саласында проблема болмауы керек екенін түсінетін уақыттарың болды ғой. Сотталып кеткен Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты жедел жәрдем станциясының бұрыңғы директоры Рахымжан Елтаев мырза планшетке өтеміз деп уәде беріп кеткен еді. Планшет түгілі жедел жәрдем көліктері шашылып қалудың бер жағында тұр.

Қортындысы: олар бюджетке салып, тендер ойнатып, қосалқы бөлшектерді алып берем дегенше, өзіміз ел болып, бұзылып тұрған төрт жедел жәрдем көлігін жүргізуге себепші болайық. Мүмкін Кәсіпкерлер қолдар, мүмкін мекеме басшылары қол ұшын берер, мүмкін үйлеріңде артық авто бөлшектер табылып қалар. Осылай ауыз бірлікпен өз жыртығымызды өзіміз жамай берейік.

Қол ұшын беріп, қосалқы авто бөлшектерді тауып беруге ниеттілер маған хабарлассаңдар болады. 87715865985-деп, Шарип Акджигитов әлеуметтік желіге жазба қалдырды. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=2347464695561372&id=100008935924592

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?