Ақтауда жерлеу рәсіміне жаппай жиналу фактісіне байланысты ІІМ қызметтік тергеу амалдарын жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтау қаласында жерлеу рәсіміне байланысты адамдардың көп шоғырлануы фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды. Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде қатаң шектеу шаралары, соның ішінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны белгілі. Аймақта қатаң шектеулер қойылғанына қарамастан, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзуға жол бермеу бойынша уақтылы шаралар қолданбаған.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?