Полицейлер оқыс оқиғаның алдын алды-деп Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына 102 сымтетігі арқылы Төлеби көшесі №21 «б» үйде көмек сұрап жатыр деген хабарлама келіп түскен.
Хабарлама бойынша Жедел тергеу тобы оқиға орнына барған сәтте, №17 пәтер тұрғыны, «А» есімді азамат сағат 22:00 шамасында күйеуі үйінің кіре беріс жерінде сыра ішіп отырған кезінде, кенеттен қолына пышақ алып, оны дене жарақатын саламын және газ баллонды жарамын деп қорқытқан. Аталған мекенжайға Патрульдік полиция полкінің полиция лейтенанттары М.Қуандықов және Н.Шувулдақовтар жедел жетіп, азаматты сабырға шақырып, келеңсіз оқиғаның алдын алды.
Орын алған оқиғада ҚР ҚК-нің 115 бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар. Алайда «А» есімді азамат арыз жазудан бас тартқан. Осы аймаққа жауапты жергілікті учаскелік полиция инспекторы аталған отбасымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетейік, аталған жанұяға қатысты осы уақытқа дейін көршілер мен туысқандар тарапынан ешқандай арыз-шағым түспеген, Еңбекші ауданы Полиция басқармасында арнайы есепте тұрмайды және жеткізілмеген, сонымен қатар шақыртулар болмаған. Қазіргі таңда жергілікті учаскелік инспектор жағдайды тұрақты бақылауда ұстауда. Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?