Ағымдағы жылдың 3 тамызында Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына белгісіз азамат Ордабасы алаңында орналасқан Тәуелсіздік саябағының көпірінен секіріп, өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жедел-тергеу тобы оқиға орнына келгенде 18 жасар қала тұрғыны Тәуелсіздік саябағының көпірінен секіріп, бетон асфальтына құлап, дене жарақаттарын алғаны анықталды. Содан кейін аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Аталған жайт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.
Қазіргі уақытта бұл азаматтан оның денсаулық жағдайына байланысты жауап алу мүмкін емес.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?