Түркістан облысындағы Жетісай ауданында, жергілікті тұрғындар базардың ашылуын, күн көруі қиындағанын, мемлекеттен берілетін әлеуметтік көмек ретінде берілген 42 500 теңгені барлығы алмайтыны туралы уәждерін айтып, жолды жауып, әкімнің өзі шығып жауап беруін талап етті.

Түркістан облысы, Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі, «Бүгін Жетісай қаласында орналасқан «QARAQAI» базарында киім-кешек сатумен айналысатын сатушылары карантин режимінде енгізілген шектеулерге байланысты Жетісай қаласындағы М.Әуезов пен С.Қожанов көшелерінің қиылысында автокөліктердің жүруіне кедергі жасап, базарлардың ашылуын талап еткен болатын. Хабарлама түскен бойда аталмыш жерге Жетісай ауданы әкімдігінің жауапты мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және Жетісай ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары барып шектеулердің сақталу себептері мен індетке қарсы қауіпсіздік шаралары, алдын алу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, екі жақ ортақ мәмілеге келіп, Түркістан облысының бас санитарлық дәрігері бекіткен қаулыны толықтай сақтауға келісті. Одан бөлек қосымша айта кететін болсақ, азық-түлік дүкендері жабылған жоқ. Заң талаптарына сәйкес емес, жабайы ретсіз сауда жасаушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген»-деп ресми мәлімдеме жасады.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Один комментарий к “Түркістан облысы: Базар ашылуын талап еткен әйелдер жолды жапты(видео)”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?