Созақ аудандық ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі аудандық ауруханаға дене жарақаттарымен келгендігі туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру барысында жәбірленушінің белгісіз адамдармен төбелес кезінде жарақат алғаны анықталды. Олардың бірі жас жігітті қарумен жарақаттап, содан кейін күдіктілер қашып кеткен. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Оқиға орнынан полиция қызметкерлері қарудың оқсауыты мен басқа да заттай айғақтарды тәркілеп алды.

Күдіктілерді ұстауға аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жедел уәкілдер жәбірленушінің таныстарынан жауап алып, болуы мүмкін күдіктілер шеңберін құрып, бейнебақылау камераларын тексеріп, аулаларды аралап, басқа да іздестіру шараларын жүргізді. Қабылданған шаралар нәтижесінде Созақ ауданының полицейлері Шымкент қаласының көшелерінің бірінен екі күдіктіні ұстады. Олар Шымкент қаласы мен Созақ ауданының тұрғындары болып шықты, күдіктілерден травматикалық қару алынды. Тергеу барысында қылмыстың себебі жәбірленушімен бұрын орын алған түсінбеушілік қарым-қатынасы екендігі анықталды. Төбелес кезінде ұсталғандар жас жігітті ұрып-соғып, травматикалық қарудан жарақаттап, содан кейін көрші облыста жасырынып, сол жақтан Шымкент қаласына бағыт алған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер кепілмен босатылды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?