«Елорда Жастары» астаналық бағдарламасының тұжырымдамасын әзірлейміз. Бүгін жастар ұйымдарының өкілдерімен, еріктілермен кездесіп, ұсыныстарын тыңдадық. Олардың идеяларын бағдарлама тұжырымдамасына енгіземіз.

Жастар — еліміздің даму драйвері, пандемия кезінде олар коронавируспен күресуге зор үлес қосты. Арнайы оқытылған еріктілер блок-бекеттерде кезекшілік атқарды, дезинфекция жұмыстарын жүргізді, дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарын тасымалдады. Зейнеткерлеріміз бен медицина қызметкерлеріне көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Конституция күні қарсаңында Елбасы мен Президент атынан жастар ұйымдары мен волонтерлік қозғалыстарының белсенді өкілдеріне алғыс хаттар табыс еттім.

Кездесуді санитария нормаларын сақтай отырып «еркін микрофон» форматында өткіздік. Келген әр адамның пікірін тыңдау біз үшін маңызды болды. Жастар тұрғын үй бағдарламасының мәселелерін көтерді. Биыл жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Сонымен бірге экология, волонтерлік жобаларды қолдау: түрлі тақырыптар мен салалар бойынша тегін курстарды оқыту, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, спортпен шұғылдануға болатын спорт ғимараттары санын арттыру және т. б. мәселелер көтерілді.

Жастарымыздың қаланы дамытуға атсалысып жатқаны қуантады. Сұрақтардың басым бөлігі шешімін тапты, қалғандары бойынша тағы да кездесулер өткіземіз. Алтай Күлгінов

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?